Қазақстандық боксшы Алина Құдайгенова Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан U-19 әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалда ол бразилиялық Мейра Алвеспен кездесіп, 5:0 есебімен таза жеңіске жетті.
Бұл Қазақстан құрамасының сегізінші жарыс күніндегі алғашқы жеңісі. Бұған дейін Жадыра Қалтай (48 келі) қарсыласына есе жіберген болатын.