World Boxing ұйымының қолдауымен Ташкентте (Өзбекстан) өткен бокстан Азия чемпионатында 15 жасқа дейінгілер арасында жарыс аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
U-15 жүлделік кестесінің қорытындысы
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 24 жүлдемен үшінші орын алды. Оның ішінде 7 алтын, 8 күміс және 9 қола жүлде бар.
Жүлделік есепте Өзбекстан құрамасы топ жарды - 13 алтын, 8 күміс, 6 қола (жалпы 27 жүлде). Екінші орынды Үндістан иеленді — 9 алтын, 6 күміс, 12 қола (27 жүлде).
Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы Азия чемпиондары
Қазақстанның U-15 ерлер құрамасы турнирді 10 жүлдемен аяқтады. Оның ішінде 5 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде бар.
Азия чемпиондары атанған боксшылар:
Бейбарыс Қойшыбай (43 келі) — үндістандық Самир Бохраны 4:1 есебімен жеңді;
Нұрислам Бақтыбаев (55 келі) — өзбекстандық Бобурмирзо Муродовты 5:0 есебімен ұтты;
Рауан Тоғызбай (61 келі) — Азизбек Эгамбергановтан 4:1 есебімен басым түсті;
Аманжан Жанай (67 келі) — үндістандық Ронак Параг Локхандені бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңді;
Аян Бауыржан (70 келі) — Улмасбек Сатимовты техникалық нокаутпен жеңді.
Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері:
Саят Рахымберді (33 келі) — Яша Кумарға 1:4 есебімен есе жіберді;
Жақсылық Ермекұлы (35 келі) — Аболфазл Пишевардан 0:5 есебімен жеңілді;
Айбын Мәжит (+70 келі) — Иброхим Мирзакаримовтан ұтылды.
Қазақстанның қыздар құрамасының нәтижесі
Қазақстанның U-15 қыздар құрамасы 2 алтын, 5 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.
Азия чемпиондары атанғандар:
Самал Төлепберген (52 келі) — Аруузат Маликованы бірінші раундта нокаутқа түсірді;
Нұргүл Сахи (67 келі) — Шахона Мулложонованы 4:1 есебімен жеңді.
Күміс иегерлері:
Нұржанат Бекназар (37 келі);
Сабрина Әділханова (46 келі);
Аруна Шалман;
Аяру Файзуллаева;
Көркем Ғалым (+70 келі).
Айта кетейік, Азия чемпионаты U-17 санатындағы ұлдар мен қыздар арасындағы жекпе-жектермен жалғасады. Турнир 15 мамыр күні мәресіне жетеді.
Жарнама