Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша британиялық бокс шолушысы Мэтт Робинсон үздік боксшылардың рейтингін жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Топ-10 үздік спортшының қатарына жалғыз қазақстандық енді. 55 келіге дейінгі салмақта алтын иеленген Махмұт Сабырхан рейтингте екінші орыннан көрінді.
Рейтингтің көшін өзбекстандық Жавохир Умматалиев бастаса, үздік үштікті оның отандасы Фазлиддин Эркинбоев түйіндеді.
2025 жылғы әлем чемпионатының үздік он боксшысы:
Жавохир Умматалиев (80 кг, Өзбекстан);
Махмұт Сабырхан (55 кг, Қазақстан);
Фазлиддин Эркинбоев (75 кг, Өзбекстан);
Турабек Хабибуллаев (90 кг, Өзбекстан);
Юри Фалькао (65 кг, Бразилия);
Абдумалик Халоков (60 кг, Өзбекстан);
Рафаэль Лосано (55 кг, Испания);
Суши Макино (50 кг, Жапония);
Севон Окадзава (70 кг, Жапония);
Хархүүгийн Билгүүнсайхан (55 кг, Моңғолия).
"Тағы да көптеген спортшылар жақсы әсер қалдырды: Айбек Оралбай, Стотт, Киван, Оливейра, Камара, Исроилов, Муйдинхужаев, Сесар, тіпті Крус. Бірақ дәл осы он боксшы менің есімде ерекше сақталып қалды. Олар міндетті түрде алтын алғандар емес, бірақ олардың өнер көрсетуі ұмытылмас", – деп жазды Мэтт Робинсон Instagram желісінде.
Жарнама