Қазақстан әлде Өзбекстан? АЧ-де жалпыкомандалық есепте кім жеңді

©IBA

Кеше Бангкокта өткен 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстанның ерлер құрамасы бұл турнирде 11 жүлде иеленді, оның үшеуі алтын, үш күміс және бес қола. Осылайша, ұлттық құрамамыз жалпыкомандалық есепте екінші болды. 

Алтын алғандар Санжар Тәшкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54) және Махмұт Сабырхан (57), ал Абзал Серік (67), Сабыржан Аққалықов (71) пен Диас Молжігітов (75) мойындарына күміс жүлде тақты. Талғат Сырымбетов (60), Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5), Ерасыл Жәкпеков (80), Ерхат Бекзат (92) және Аманат Сабырғали (92 келіден аса) қоланы місе тұтты.

Жүлделік есеп:

1. Өзбекстан: 9 (алтын) - 1 (күміс) - 1 (қола);
2. Қазақстан: 3-3-5;
3. Филиппин: 1-1-2;
4. Таиланд: 0-3-1;
5. Қытай: 0-2-1;
6. Моңғолия: 0-1-2;
7. Индонезия: 0-1-1;
7. Камбоджа: 0-1-1;
9. Қырғызстан: 0-0-7;
10. Тәжікстан: 0-0-3;
11. Малайзия: 0-0-1;
11. Непал: 0-0-1.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport