Бокс
Бүгін 09:26

Қазақстан Әдлем кубогінде Өзбекстаннан асып түсті. Бірақ көшбасшы кім болды?

©ҚБФ

Қазақстан құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өткен бокстан World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңіндегі жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшылар ерлер және әйелдер арасындағы бәсекеде бес алтын және үш қола жеңіп алды. Чемпион атанғандардың қатарында команда капитандары Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) мен Назым Қызайбай (54 келі) бар.

Сондай-ақ Виктория Графеева (60 келі), Абылайхан Жүсіпов (70 келі) және Санжар Тәшкенбай (50 келі) де алтын иеленді.

Қазақстан қоржынына қола жүлделерді әйелдер құрамасының өкілдері Аида Әбікеева (65 келі), Валерия Аксенова (80 келі) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) салды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы сегіз жүлде жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

Бірінші орынды тоғыз жүлде еншілеген Қытай құрамасы иеленді. Қытайлық боксшылар бес алтын, бір күміс және үш қола жеңіп алды.

Үздік үштікті Өзбекстан құрамасы түйіндеді. Өзбекстандық спортшылардың еншісінде төрт алтын, үш күміс және төрт қола бар. Жалпы саны — 11 жүлде.

Әлем кубогының екінші кезеңіндегі жүлделік есеп:

Қытай — 5 алтын, 1 күміс, 3 қола
Қазақстан — 5 алтын, 0 күміс, 3 қола
Өзбекстан — 4 алтын, 3 күміс, 4 қола
Франция — 2 алтын, 2 күміс, 4 қола
Үндістан — 1 алтын, 3 күміс, 2 қола
Бразилия — 1 алтын, 2 күміс, 1 қола
АҚШ — 1 алтын, 1 күміс
Әзірбайжан — 1 алтын, 2 қола
Англия — 2 қола
Италия — 2 күміс, 1 қола

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы турнир барысында бес чемпион шығарып, әлемдік бокс элитасының қатарындағы орнын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport