Бокс
12 тамыз 10:05

Қазақстан АЧ финалында Өзбекстаннан басым түсті

©Астана қаласының әкімдігі

Таиланд астанасы Бангкокта өткен 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының соңғы күні 22 жасқа дейінгі қазақстандық боксшылар финалдық жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнир аясында барлығы тоғыз финалдық кездесу өтті: төртеуі – бұрымдылар арасында, бесеуі – ерлер арасында.

Жекпе-жек нәтижелері:Әйелдер құрамасы

Қазақстандық боксшылар Гүлназ Бөрібаева (48 кг) мен Бақыт Сейдіш (70 кг) Өзбекстанның боксшыларын жеңіп, Азия чемпиондары атанды. Қалған екі боксшымыз – Шұғыла Нәлібай мен Әсел Тоқтасын финалда есе жіберіп, күміс еншіледі.

Ерлер құрамасы

Ерлерде финалдық жекпе-жектердің бәрі Өзбекстан боксшыларымен өтті. Нұрислам Қалдыбаев (60 кг), Санжаралы Бегалиев (80 кг) және Темірлан Мұқатаев (90 кг) өз қарсыластарын жеңіп, алтынға қол жеткізді. Ал Илья Калинин (65 кг) мен Нұрбек Мұрсал (70 кг) күміс жүлдегер атанды.

Финалдық кездесу нәтижелері:Бұрымдылар:

48 кг: Гүлназ Бөрібаева – Робияхон Бахтиёрова (Өзбекстан) – 4:1
70 кг: Бақыт Сейдіш – Ойша Тоирова (Өзбекстан) – 5:0
75 кг: Шұғыла Нәлібай – Ци Бао (Қытай) – техникалық нокаут, 2-раунд
+80 кг: Әсел Тоқтасын – Ритика (Үндістан) – 1:4

Ерлер сеткасы:

60 кг: Нұрислам Қалдыбаев – Шохрух Абдумаликов (Өзбекстан) – 3:2
65 кг: Илья Калинин – Саят Ильясов (Өзбекстан) – 1:4
70 кг: Нұрбек Мұрсал – Мұхаммадазизбек Исмоилов (Өзбекстан) – 1:4
80 кг: Санжаралы Бегалиев – Рахматулло Бойматов (Өзбекстан) – 3:2
90 кг: Темірлан Мұқатаев – Шахзод Полвонов (Өзбекстан) – 3:2


Осылай, 22 жастағы қазақ боксшылар Азия біріншілігін үш алтын, төрт күміс жүлдемен аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport