Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасынан соңғы боксшы финалдық айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
90 келіде Темірлан Мұқатаев өзбекстандық Шахзод Полвоновпен жекпе-жекте 22 жасқа дейінгілер арасында құрлық чемпионын анықтады.
Тартысты айқасттың бірінші раундында қазақстандық бкосшы бөлек шешімміен басым түсті - 3:2. Екінші үш минуттықта төрешілер жеңісті өзбек бкосшыға берді - 4:1.
Осылай, үшінші раунд шешуші болды, бұл кезеңде Мұқатаев тағы да 3:2 есебімен жеңіп, жалпы айқаста да 3:2 есеімен жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, бұл Қазақстан қоржынына түскен үшінші алтын болды: бұған дейін Нұрислам Қалдыбаев өзбекстандық Шохрух Абдумаликовты жеңіп, ерлер құрамасының алғашқы алтынын жеңіп алды. Одан кейін 80 келіде Санжаралы Бегалиев өзбекстандық Рахматулло Бойматовтан жеңісті жұлып алды.
Ал Илья Калинин финалда Өзбекстан қазағы Саят Ильясовқа жол берді және Нұрбек Мұрсал өзбекстандық Мұхаммадазизбек Исмоиловтан жеңілді де екеуі күміс жүлдегер атанды.