Бокс
1 тамыз 14:13
 

Қазақстан АЧ-де бірінші боксшыдан айырылды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан АЧ-де бірінші боксшыдан айырылды ©Depositphotos

Қазақстандық Әділ Асқанбай Бангкокте (Тайланд) өтіп жатқан 19 және 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық Әділ Асқанбай Бангкокте (Тайланд) өтіп жатқан 19 және 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

19 жасқа дейінгі жігіттер арасындағы 50 келіге дейінгі салмақта оның қарсыласы оңтүстік кореялық Чой Джунвон болды.

Бірінші раунд кореялық боксшының пайдасына 3:2 есебімен бітті. Екінші раундта қарсылас тіптен сенімді болды - төрешілер 4:1 есебімен басымдық берді. Нәтижесінде, жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен Оңтүстік Корея спортшысының жеңісімен аяқталды.

Еске салайық, бұған дейін әйелдер арасында Диана Серікбаева (48 кг) оңтүстік кореялық Ын Джи Кимді техникалық нокаутпен жеңіп, Айым Таңқыбаева (51 кг) вьетнамдық Ти Хо Чанды, Жанел Имантаева (54 кг) Өзбекстаннан келген Муслима Тургунованы, ал Аяжан Ермек (57 кг) жапониялық Сакура Окаяманы төрешілер шешіммен жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!