Бокстан Қазақстанның бұрымдылар құрамасы Испанияның Ла Нусия қаласында өтетін Boxam Elite халықаралық турниріне қатысады, деп хабаралйды Vesti.kz.
3-8 ақпан аралығы өтетін бұл жарысқа 14 боксшымыз барады:
48 келі. Элянур Турганова
51 келі. Рахмина Әбдумежитова
54 келі. Сымбат Әлиасқар
57 келі. Виктория Байдукова, Шахназ Исаева
60 келі. Евгения Графеева, Аяжан Ермек
65 келі. Ақнар Ишанова, Әсем Таңатар, Назерке Серік
70 келі. Азиза Исина
80 келі. Гузаль Садықова
+80 келі. Умида Садықова, Панар Сейітханқызы.
Бұл тізімнен көріп тұрғандарыңыздай 2026 жылдағы алғашқы турнирге Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова сияқты құрама көшбасшылары қатыспайды.
Жарнама