Орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) осы дивизионда IBF және IBO белбеулеріне ие Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Андраде қазақстандық чемпионды Араб Әмірліктерінің астанасы Дубайда іздеп жүргенін айтып, Қазақстанға келуге қарсы еместігін меңзеді. Содан кейін жанкүйерлер олардың жекпе-жегін көргісі келетінін айтты.
"Қане Big Drama Show, кеттік", - дейді америкалық боксшы видеода.