"Қазақпен бұрын да жұдырықтасып мұрнын бұзғанмын". Голландиялық боксшы Садриддин Ахмедовты жеңетініне сенімді

31 желтоқсан 2020 11:32
Сурет: instagram.com/sadriddin_____soq/
WBC "жастар" титулына ие қазақстандық Садриддин Ахмедовтың (11-0, 10 КО) қарсыласы нидерландтық Стивен Даньо (17-3-3, 6 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында алдағы жекпе-жектен не күтетінін айтты. 
 
 
22 жастағы Ахмедов пен 31 жастағы Даньо 30 қаңтар Мексиканың Куэрнаваке қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Он раундқа есептелген жекпе-жекте бірінші орта салмақта WBA Continental белбеуі сарапқа салынады.

"Жекпе-жегімізді асыға күтем. Садриддин - мықты боксшы. Онымен кездесу нағыз соғыс болады. Айқас тамаша өтеріне сенімдімін. 

Мұның алдында да қазақ боксшымен жұдырықтасқанмын. Нағыз айуан екен, бірақ, мен жеңдім. Мұрнын бұздым, жақсырақ жұдырықтасқандықтан жеңіске лайық болдым. Алдағы кездесу мен үшін өте маңызды. Мен арсеналымдағы ең мықтысын көрсетуім керек. Жеңіс - менің мақсатым", - дейді Даньо. 

2017 жылы Даньо қазақстандық Александр Журавскийді төрешілердің бөлек шешімімен жеңген. Осы жеңіс арқасында ол WBO Oriental және WBO European белбеулерін иеленді.

 

Жаңалықтар