Қазақастанның ең мықты кәсіпқойы жекпе-жекке дайындықты бастады

©instagram.com/meiirim_n/

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дереккөз мәліметі бойынша, ол дайындығын Ақтауда бастапты. Ал оның жекпе-жек уақыты мен қарсыласы туралы алдағы күндері нақты белгілі болады. 

Мұның алдында Мейірім IBF рейтингінде жоғары тұрған боксшымен үміткерлік жекпе-жеке шағатыны хабарланған. Бұл кездесудің жеңімпазы келесі жылы чемпионмен айқасады. Ал қазіргі таңда IBF титулына ие германиялық Винченцо Гуальтьери (21-0-1, 7 КО) 14 қазанда WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (14-0, 10 КО) белбеулерді біріктіретін жекпе-жекке шығады. 

BoxRec порталының тұжырымы бойынша Нұрсұлтанов салмаққа қарамастан (Р4Р) Қазақстанның ең мықты боксшыларының рейтінгінде көш бастады. Осылайша, ол бұл рейтингте көптеген жыл көш бастап келген Головкинді алмастырды. 

Қазір Мейірім орта салмақта WBC рейтингінде екінші, IBF - бесінші және WBO желісі бойынша үшінші орында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport