Қазақастандық нокаутшы Африка чемпионымен айқасады

©RingSide24

Ауыр салмақта жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (19-0, 18 КО) жаңа қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxingScene мәліметінше, Жан Top Rank промоутерлік компаниясы 26 тамыз Талсада (Оклахома, АҚШ) өткізетін бокс кешінде жұдырықтасады. Қарсылас нигериялық Эфе Аджагба (17-1, 13 KO).

Еске салайық, бастапқыда Кособуцкий Top Rank шілде айы Толедода өткізген бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық Джаред Андерсонмен (15-0, 14 КО) жұдырықтасу керек болған. Алайда қазақстандықтың визамен қиындықтарына байланысты бұл айқас өтпей қалды. Кейін Кособуцкий мен Андерсон кездесуі тамызға ауыстырылды. Бірақ енді америкалық боксшы украиналық Андрей Руденкомен жұдырықтасатын болды. Бұл Кососбуцкий қатысатын бокс кешінің басты жекпе-жегі болады. 

Айта кетейік, Эфе Аджагба 2015 жылы Африка ойындарының чемпионы атанды. 2016 жылғы Рио Олимпиадасына қатысып, ширек финалда Иван Дычкодан төрешілер шешімімен жеңілген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар