Бокс
1 қараша 13:40

Қазақастандық жеті боксшы әлем чемпионатының алтынына айқасады

©ҚБФ

Бокстан Будвада (Черногория) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында 7 боксшымыз финалға шықты, деп хабарлайды msports.kz сайты. 

Жартылай финалға дейін 17 боксшымыз жеткен. Финалға берілер жолдамаға 7-еуі ғана ие болды. 10 боксшы қарсыластарына жол беріп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. 

Финалға жолдама алғандар:

- 51 келі. Бексұлтан Боранбек - Джастин Морено (Колумбия)
- 67 келі. Төрехан Сабырхан - Д.Эспиноса Сантоя (Куба)
- 71 келі. Өнер Сейілхан - Алексей Гуков (Ресей)
- 75 келі. Санжарәлі Бегалиев - Д.Шахбозов (Өзбекстан)

- 50 келі. Елянур Турганова - К.Пики (IBA бейтарап)
- 66 келі. Ұлдана Таубай - К.Дойли Бирн (Ирландия)
- 81 келі. Аружан Зейноллаева - Р.Парпиева (Өзбекстан)

Жастар арасындағы Әлем чемпионатының финалы 2-3 қараша күндері өтеді.

Финалға шыққан боксшылар саны бойынша Өзбекстан құрамасы алда. Көршілес елдің 9 боксшысы әлем чемпионы атағына таласады. Оның екеуі біздің боксшыларға қарсылас болды. 

1. Өзбекстан - 9
2. Қазақстан - 7
3. Ресей - 5
4. Әзербайжан - 4
5-7. Иран - 3
5-7. Армения - 3
5-7. Қытай - 3
8-9. Куба - 2
8-9. Қырғызстан - 2.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport