Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA-ның бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының алғашқы жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Нурмагамед Юсупов тәжікстандық Навруз Джафоевпен жұдырықтасып, қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді.
Әлем чемпионаты 4–13 желтоқсан аралығы өтеді. Чемпиондар 300 мың доллардан, күміс жүлдегерлер 150 мың доллардан, қола жүлдегерлер 75 мың доллардан алады, ал ширек финалға шыққан боксшыларға 10 мың доллар сыйақы беріледі.
Жарнама