Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Ертуған Зейнуллинов Ливерпуль (Англия) қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалдық жекпе-жекте Зейнуллинов 2024 жылғы Олимпиада чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионы өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаевпен кездескен.
Үш раундқа созылған жекпе-жек өзбек боксшысының жеңісімен аяқталды. Бұл нәтиже Муйдинхужаевқа жартылай финалға жолдама беріп, кем дегенде қола жүлдеге жеткізіп отыр. Ал Ертуған Зейнуллинов турнирмен қош айтысты.