Қазақстандық Әли Балоев (10-0, 7 КО) пен өзбекстандық Санжар Тұрсынов (3-0, 1 КО) жекпе-жек өткізбеуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Журналист Жалол Ахмедовтың айтуынша, бұл айқас қыркүйек айының 28 жұлдызы Чехияда өтуі тиіс еді.
"Маған келген ақпарат бойынша екі жақты келіссөздер нәтижесіз қалды. Енді бұл айқас өтпейтін секілді", - дейді Ахмедов.
Еске салайық, осыған дейін әлем чемпионатының жүлдегері Санжар Тұрсынов пен қазақ былғары қолғап шебері Әли Балоев Еуропаның төрінде қолғап түйістіреді деген ақпарат тараған болатын.