Бокс
2 тамыз 11:59

Қазақ пен өзбек боксшы айқасқан кездесу жеңімпазын төрешілер анықтады

©ҚБФ

Тайландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы (U‑19 және U‑22) Азия чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде рингке қазақстандық Бексұлтан Қайратұлы мен өзбекстандық Ислам Салихов шықты. Үш раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Салиховқа берді.

Осылай, екінші қазақстандық боксшы жарыс жолын аяқтады. Бұған дейін 50 келіде Әділ Асқанбай оңтүстік кореялық Чой Джунвоннан жеңіліп қалды

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport