Тайландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы (U‑19 және U‑22) Азия чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде рингке қазақстандық Бексұлтан Қайратұлы мен өзбекстандық Ислам Салихов шықты. Үш раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Салиховқа берді.
Осылай, екінші қазақстандық боксшы жарыс жолын аяқтады. Бұған дейін 50 келіде Әділ Асқанбай оңтүстік кореялық Чой Джунвоннан жеңіліп қалды.
Жарнама