Қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейітов Бангкокта өтіп жатқан "Thailand Open"-2025 халықаралық турнирінің 1/4 финалында өзбекстандық Жавохир Абдурахимовқа есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек үш раунд толық өтті. Ширек финалдағы бұл жұптың жеңімпазы турнирдің кемі қола жүлдесіне жетіп отыр.
Жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілердің бөлек шешімімен (4:1 есебімен) өзбекстандық боксшы жеңіске жетті. Осылайша, Абдурахимов жартылай финалға өтті. Ал Нұрсейітов турнирдегі жарыс жолын аяқтады.
Бұған дейін Қазақстан боксшысы Олимпиада чемпионына қарсы айқаста нокдаунға түскен еді. Сондай-ақ, қазақстандық боксшы әлем чемпионымен айқаста сенсация жасап, жүлдеге жетті.
Жарнама