Қазақстандық боксшы Нұрасыл Төлебек 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы турнирдегі екінші жекпе-жегін өткізді.
Ширек финалда Нұрасыл Төлебек Қырғызстан боксшысы Амантур Жұмаевпен кездесті. Жекпе-жек өте жоғары қарқында өтті. Екі боксшы да алғашқы секундтардан бастап ашық айқасты таңдап, үздіксіз соққы алмасумен болды.
Үш раунд қоартындысы бойынша төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Осылайша, Нұрасыл Төлебек Азия чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдегер атанды.
Еске салайық, бұған дейін 50 келіге дейінгі салмақта Нұрзат Оңғаров Азия чемпионатының күміс жүлдегері, жапониялық Дайчи Иваяға төрешілердің бқлек шешіміміен жеңілді.
Ал 55 келіге дейінгі салмақтағы Бексұлтан Боранбек қарсыласын 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.