Қазақстандық боксшы Ақжүрек Қалабай Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан U-19 әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалда ол қырғызстандық Елдиар Тенисбековті 5:0 есебімен жеңді.
Бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы Айдос Үсенов (55 келі) де қарсыласын таза жеңген болатын. Ол кубалық боксшымен жекпе-жекте жеңіске жетіп қана қоймай, оны нокдаунға да түсірді.