Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан финалға шыққандар белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/2 финалдың нәтижесі бойынша сегіз қазақстандық боксшы финалға жолдама алды. Төрт боксшымыз өзбек елінің спортшыларымен жұдырықтасады.
Жасөспірімдер
46 кг: Арман Мырсабит (Қазақстан) — Абдуғани Ёркинжонов (Өзбекстан)
50 кг: Жұмағали Нұрмахан (Қазақстан) — Ланченба Сингх Моибунгхонгбам (Үндістан)
54 кг: Досжан Жұмақан (Қазақстан) — Матин Чамипа (Иран)
66 кг: Даниял Шалқарбай (Қазақстан) — Саидхуджа Садиллахуджаев (Өзбекстан)
80+ кг: Мұхамедәлі Рүстембек (Қазақстан) — Асадбек Султанбоев (Өзбекстан)
Қыздар
66 кг: Аяулым Оспанова (Қазақстан) — Харнур Каур (Үндістан)
75 кг: Камила Оспанова (Қазақстан) — Самира Тургунова (Өзбекстан)
80+ кг: Эльнура Қонырат (Қазақстан) — Аншика (Үндістан)
Ал Рамина Маханова (54 келіге дейін) және Санжар Матасов (75 келіге дейін) қарсыластарына жол беріп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер 30 қазанда өтеді.