Қазақ нокаутшының "Канелоның" бұрынғы қарсыласын жеңгені үшін алған гонорары айтылды

27 қыркүйек 2019 11:55
© lesoleil.com
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой Батыр Жүкембаев мексикалық Мигель Васкеспен титулды жекпе-жегіндегі жеңіс үшін 43 мың доллар алды, - деп хабарлайды Vesti.kz боксшының командасына жақын мәлімет көзіне сілтеме жасап. 

Бұл жекпе-жек Монреальда өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Бұл кездесуге WBA Continental және IBF Inter-Continental аймақтық белбеулері сарапқа салынды. 

Джукембаев - Васкес жекпе-жегі толық он раунд өтіп, қазақ боксшы төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңді.

Осылайша, 28 жастағы Жүкембаев карьерасында жеңілмеген боксшы болып қалды - ол барлық 17 жекпе-жегінде жеңіске жетті (13 нокаут), ал 32 жастағы Васкес тоғызыншы рет жеңілді, сонымен бірге, мексикалықтың 41 жеңісі бар (15 нокаут).