Қазақ нокаутшылардың кәсіпқойдағы келесі айқастары белгіленді

9 қыркүйек 2022 10:59
©instagram.com/suleimen_promotions_official

Қазақстандық Бек Нұрмағанбет (7-0, 5 КО) пен Әбілхан Аманқұл (1-0, 1 КО) қазан айында рингке қайта оралады, деп хабарлайды Vesti.kz

BoxRec.com мәліметінше, қазақстандықтар 1 қазанда өтетін бокс кешіне қатысады. Қарсыластардың есімі кейін белігілі болады.

24 жастағы Бек кәсіпқой бокстағы екінші айқасын өткізеді. Жарытлай ауыр салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелген. Бұл ең ұзақ жекпе-жек және бокс кешінің басты айқасы болуы ықтимал. 

25 жастағы Әбілханның АҚШ-тағы екінші айқасы төрт раундқа есептелген. Бірінші айқасында қазақ боксшы бұрын жеңіліс көрмеген америкалық Девонте МакДональдті (2-2, 1 КО) нокаутқа түсірген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар