Қазақ нокаутшы төрт титул үшін жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Сурет: Eye of The Tiger Management

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) голландиялық Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО) жекпе-жек алдында міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Ахмедов таразыда 69,7, ал Даньо - 69,6 келі көрсетті. 

Бұл жекпе-жек Қазақстан уақытымен 30 қаңтар Мексиканың Куэрнаваке қаласындағы бокс кешінде өтеді. Жеңімпаз WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO титулдарын иеленеді.

Кейінгі рет Ахмедов рингке былтыр желтоқсанда Монреальда шығып, жетінші раундта аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (13-6-2, 8 КО) нокаутқа түсірген.

Садриддин үшін алдағы айқас - Мексикадағы бірінші кездесуі. Кәсіпқойдағы жекпе-жектерінің бәрін ол Канадада және біреуін Қазақстанда өткізген.