Бокс
Бүгін 10:14
 

Қазақ нокаутшы ресми түрде IBF рейтингінде бірінші болды

  Пікірлер

blog.share

Қазақ нокаутшы ресми түрде IBF рейтингінде бірінші болды ©instagram.com/sultanzaurbek/

"Қазақтың нокауттар патшасы" лақап атымен танымал, жеңіліп көрмеген боксшы Сұлтан Заурбек (21-0, 13 KO) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) екінші жеңіл салмақтағы рейтингінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Қазақтың нокауттар патшасы" лақап атымен танымал, жеңіліп көрмеген боксшы Сұлтан Заурбек (21-0, 13 KO) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) екінші жеңіл салмақтағы рейтингінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Заурбек IBF рейтингінде көш бастады

Бұған дейін 30 жастағы қазақстандық боксшы ұйым рейтингінде үшінші орында тұрған еді. Ал алғашқы екі орын бос болған. Енді Заурбек IBF чемпиондық белбеуіне басты үміткерлер тізімін ресми түрде бастап тұр.

Сұлтан соңғы жекпе-жегін 26 қыркүйекте Аустралияның Квинсленд қаласындағы бокс кешінде өткізді. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Джексон Ингленд (19-4, 10 KO) болды. Ол сол кезде IBF рейтингінде төртінші орында тұрған. Заурбек төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, кәсіпқой бокстағы жеңіліссіз көрсеткішін сақтап қалды.

Қазақстандық боксшыдан жеңілгеннен кейін Ингленд рейтингтің тоғызыншы сатысына түсіп қалды.

IBF белбеуі кімде?

Екінші жеңіл салмақта IBF-тің қазіргі чемпионы - мексикалық Эмануэль Наваррете (40-2-1, 33 KO). Ол сондай-ақ Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) чемпиондық белбеуіне де ие.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!