Қазақ нокаутшы мен ресейлік Олимпиада чемпионымен жекпе-жегіне тікелей трансляция

ВКонтакте желісіндегі "Иса Ақбербаев" парақшасынан
Ертең, 2 қарашада қазақстандық Иса Ақбербаевтың (20-0, 15 КО) ресейлік Олимпиада чемпионы Евгений Тищенкомен (5-0, 3 КО) жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екатеринбургте өтетін он раундты жекпе-жекте ауыр салмақта WBO inter-continental белбеуі сарапқа салынады.

Ақбербаев - Тищенко жекпе-жегі Қазақстан астансының уақытымен 19:00-де басталады. Бұл кездесуді мына сілтеме арқылы өтіп немесе RCC Boxing промоутерлік компаниясының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тамашалауға болады. 

Еске салайық, 28 жастағы Евгений Тищенко қазақстандықтарға 2016 жылғы Олимпиада финалында Василий Левитпен жекпе-жекте даулы жеңіске жеткенінмен белгілі. Кәсіпойға 28 жастағы ресейлік 2018 жылы тамызда ауысқан. 

Ал 35 жастағы қазақ боксшы екі жылдай жұдырықтаспады. 2017 жылы желтоқсанда Иса Боксния және Герцеговина боксшысы Мирнес Денадичті жеңіп, WBA желісіндегі титулды иеленген еді.