Екі жылдық үзілістен кейін рингке оралған Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматыда өткен бокс кешінде Ахмедов 40 жастағы оңтүстік америкалық Нкулулеко Мхлонгомен (23-10-1, 18 KO) айқасқа түсті.
Бірінші раундта-ақ Садриддин қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді. Ал екінші раундқа Мхлонго шықпады.
Осылайша, Ахмедов кәсіпқойда 13-ші рет жеңіске жетті, оның он бірі нокаутпен.