Бокс
23 қыркүйек 2019 11:00

Қазақ нокаутшы "Канелоның" бұрынғы қарсыласымен екі титул үшін жұдырықтасады

© facebook.com/eottmboxing/
Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) 26 қыркүйект өтетін жекпе-жегінде екі титулы иелене алады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


28 жастағы қазақ боксшы 32 жастағы Мигель Васкеспен (41-8, 15 КО) жұдырықтасады, мексикалық 2010 мен 2014 жылдар аралығы жеңіл салмақта IBF чемпионы болған. Жекпе-жек он раундқа есептелген.

BoxRec мәліметінше, Жүкембаев - Васкес жекпе-жегі бокс кешінің басты шоуы болады, ал кездесу жеңімпазы бірінші орта салмақта WBA Continental және IBF Inter-Continental белбеулерін иеленеді.

Айта кетейік, Васкес соңғы рет 2018 жылы желтоқсанда жартылай орта салмақта IBO белбеуі үшін жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңілді. Ал кәсіпқойдағы бірінші жекпе-жегін 2006 жылы Сауль "Канело" Альвареске (52-1-2, 35 КО) қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңілген.

Ал Жүкембаев соңғы жекпе-жегінде 18 мамыр Монреальда мексикалық Луис Хесус Видалесті (13-6, 6 КО) нокаутқа түсірген.