Қазақ нокаутшы жаттығу залында бокс аңызымен кездесті

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) бес дивизионда чемпион болған америкалық Флойд Мейвезермен (50-0, 27 КО) түскен суретін жариялады.
Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) бес дивизионда чемпион болған америкалық Флойд Мейвезермен (50-0, 27 КО) түскен суретін жариялады.
"Аңыз - Флойд Мейвезер", - деп жазыпты Батыр бірге түскен суреттің астына.
The Legend @FloydMayweather pic.twitter.com/GyPINEb80D
— Batyr Jukembayev (@Batyr777Boxing) January 24, 2025
2024 жылы Жүкембаев тек бір айқас өткізді: мамыр айында ол украиналық Иван Редкачты (24-8-1, 19 КО) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Ал биыл қазақ боксшы есесіне үш немесе төрт жекпе-жек өткізуге ниетті екенін айтқан болатын.
Жарнама