Бокс
Бүгін 11:42

Қазақ нокаутшы ауыр салмқата 33 жекпе-жегі бар өзбек боксшымен айқасады

© instagram/askat_zhantursynov

Қазақстандық боксшы Асхат Жантұрсынов (11-1, 10 KO) 31 қазан Ақтөбеде өтетін кәсіпқой бокс кешінде өзбекстандық Абдуллазиз Матазимовпен (15-18, 7 KO) жұдырықтасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жантұрсынов аса ауыр салмақта өзбекстандық боксшымен кездеседі

Жекпе-жек аса ауыр салмақта өтіп, алты раундқа жоспарланған. Жантұрсынов үшін бұл 2026 жылғы екінші кездесу болмақ.

Қаңтарда қазақстандық боксшы Таиландта өнер көрсетіп, жергілікті боксшы Аписит Сангмуангты (24-16-2, 19 KO) техникалық нокаутпен жеңген еді.

Матазимов соңғы рет сәуірде Түркияның Ризе қаласында рингке шықты. Сол кезде өзбекстандық боксшы жергілікті спортшы Самет Эрсойға (5-0, 5 KO) нокаутпен есе жіберді. 39 жастағы Матазимов қатарынан алты жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіліп отыр.

Ақтөбеде IBF және WBA тұжырымдары бойынша титулдық жекпе-жектер өтеді

Осы бокс кешінде қазақстандық Саматәлі Төлтаев (8-0, 4 KO) жеңіл салмақта WBA ұйымының бұрынғы чемпионы, панамалық Хесреэль Корралеспен (27-8, 10 KO) кездеседі. Бұл жекпе-жекте IBF Pan-Pacific титулы сарапқа салынады.

Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық Армат Арманұлы (7-1, 5 KO) Уганда боксшысы Шадири Муса Бвогимен (11-1, 5 KO) жұдырықтасады. Спортшылар WBA Asia чемпионы атағын сарапқа салады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport