Қазақ нокаутшы Амеркиадағы айқас алдында салмақ өлшеді

©instagram.com/serikmussadilov/

"Панда" лақап атты қазақ боксшы Серік Мұсаділов (13-0, 11 КО) Америкадағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

22 қазан Орландо қаласындағы бокс кешінде ол мексикалық Хавьер Гомес Руэдамен (21-17, 15 КО) айқасады. 

Ертеңгі жекпе-жек алдында боксшылар міндетті салмақ өлшеуден өтіп, бірінші ауыр дивизион лимитін (90,7 келіге дейін) орындады. 

8 қыркүйек Колумбияда өткен кездесуінде Серік жергілікті Мануэль Банкесті (8-9-2, 5 КО) нокаутқа түсірген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар