"Қазақ найзағайын" сұлатуы мүмкін". Сарапшы Елеусіновтің африкалық "Машинамен" жекпе-жегі жайлы

Сурет: Delfi

Қазақстандық Данияр Елеусіновті (9-0, 5 КО) жеңсе бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонго (23-2, 12 КО) үлкен боксқа қосылатын екінші мүмкіндігін алады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында BoxingScene шолушысы Джэк Донован осындай пікір білдірді.

"Индонго - бұл белгілі боксшы. Оның ең жоғары деңгейдегі жекпе-жектерде жинаған тәжірибесі өте күшті қару. Ол "Қазақ найзағайын" жеңіп, екінші мүмкіндікке лайықты. Боксшылардың бойлары шамалас, бірақ, стилдері мүлде басқа. Индонго бір ғана шешуші сәтті ұстап, нокаутқа түсіруі мүмкін. 

Ал Елеусіновтің техникасы өте мықты. Ол ақылды, жылдам әрі дәл ұрады. Алайда Индонгоны жеңу үшін оған барлық жағынан күшті болуға тура келеді. Мен Елеусіновте аздап басымдық бар дер едім, дегенмен, екеуінің мүмкіндіктері теңдей. Бұл екі боксшының да карьерасындағы маңызды сәт", - дейді Донован. 

Жаңалықтар