Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Аммандағы (Иордания) Азия чемпионатының ширек финалында жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жартылай финал сарапқа салынған айқаста Әбікеева жапон қызы Кито Маиге есе жіберді. Өкінішке қарай, 63 келіге дейінгі салмақта сынға түскен жерлесіміз жарысты аяқтауға мәжбүр болды.
Осыған дейін Карина Ибрагимова (57 келі), Жайна Шекербекова (54 келі) және Жазира Орақбаева (52 келі) турнирдің 1/2 финалына жолдама алды.