1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Кеше 17:07
 

Қазақ кәсіпқой Ресей боксшысымен титул үшін айқасқа шығады

  Пікірлер

blog.share

Қазақ кәсіпқой Ресей боксшысымен титул үшін айқасқа шығады © instagram.com/ray.seitzhanov/

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Рай Сейітжановтың (12-1, 8 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Рай Сейітжановтың (12-1, 8 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec порталының мәліметінше, 26 жастағы спортшы 4 ақпанда Ресейдің Челябі қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы - жеңіліс көрмеген ресейлік боксшы Иван Козловский (12-0, 4 КО).

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Кездесуде бірінші жартылай орта салмақтағы Еуразиялық бокс парламенті (EBP) нұсқасы бойынша чемпиондық белбеу сарапқа салынады.

Бұл айқас Рай Сейтжанов үшін 2025 жылдың қыркүйегінен бергі алғашқы жекпе-жек болмақ. Бұған дейін ол Екатеринбургте өткен кездесуде беларусьтік Евгений Долголевцты (8-1, 4 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!