Бұл туралы боксшының өзі instagram желісінде мәлімдеді.
"Қазір 168-дегі WBC чемпиондық белбеуі бос тұр. 160-та ешқандай чемпион шықпаса, салмақты көтеріп сол вакант титулға жұдырықтасуға дайынбыз. Кіммен және қай салмақта болса да бізге тезірек чемпион болу керек. Мақсатымыз сол. Уақыт келді. Біз дайынбыз. Қазақ еліне +1 чемпион керек!", - деп жазыпты Әлімханұлы.
Айта кетейік, екінші орта салмақта бос тұрған WBC титулы үшін ұйым шешімі бойынша мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) және түркиялық Авни Йылдырым (21-2, 12 КО) жұдырықтасады. Жәнібектің көздеп отырғаны да осы белбеу.
Чемпиондық жекпе-жек. "Канело" Альвареске ресми түрде қарсылас белгіленді