Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) алдағы үш-төрт айда рингке қайта оралмақ. Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желіде жазды.
"Ақпан - жекпе-жек күшін тамаша ай! Мен ақпанда дайын боламын! Бірақ менімен кім айқасады, мәселе сонда?!", - деп жазыпты орта салмақтағы чемпион.
Жәнібек кейінгі рет 4 қазан Сиднейде жұдырықтасып, жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) нокаутқа түсірді.