Қазақстандық боксшы Кенже Мұратұлы кәсіпқойдағы дебютіне дайындалып жатыр. Ол кәссіпқойдағы алғашқы жекпе-жегін 27 желтоқсанда Алматыда Ali Akhmedov Promotions промоутерлік компаниясының бокс кеші аясында өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұратұлының қарсыласы - жас болса да, өзін танытып үлгерген 18 жастағы өзбекстандық Абдуазиз Бахруллаев (1-0, 1 КО). Жекпе-жек екінші жеңіл салмақта өтеді және қазақстандық боксшы үшін кәсіпқой карьерасының басындағы сынақ болмақ.
Кенже Мұратұлы - 22 жасқа дейінгі Қазақстанның қазіргі чемпионы. Сонымен қатар, ол биыл мамыр айында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен 2025 жылғы Азия чемпионатында ел намысын қорғады, алайда, алғашқы жекпе-жекте жеңіліп қалды.
Ал Абдуазиз Бахруллаев кәсіпқой рингте тәжірибе жинап үлгерген. Ол биылғы ақпанда өз елінде дебют жасап, отандасы Умиджон Назаровты (0-1) бірінші раундта нокаутқа түсірген.
Жарнама