Қазақ боксының аңызы өмірден озды

Сурет: ҚБФ
Қазақстан боксының ардагері әрі аңызы Әбденәлиев Серік өмірден озды, - деп хабарлайды Қазақстанның бокс федерациясы. 

"Бүкіл ғұмырын боксқа арнаған, осы спортта бірнеше дүркін ел чемпионы атанып, бапкер болды, ұлттық құраманы жаттықтырды. Оның жетекшілігімен боксшылар Атлантадағы Олимпиадада төрт жүлде иеленді. Сиднейде Олимпиада ойындарына төреші болған бірінші қазақстандық еді. 

Қазақстанның бокс федерациясы Серік Әбденәлиұлының туыстары мен жақындарына көңіл білдіреді", - делінген хабарламада.