Қазақстан бокс федерациясы Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде әділдікке қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/8 финалдағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Хуго Грау (Франция) жекпе-жегінің нәтижесі бойынша Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымына хат жолдаған болатын. Олар жекпе-жекті қайта қарап, төрешілердің қателескенін, қазақстандық боксшының айқын жеңіске жеткенін анықтаған. Нәтижесінде төрешілер қатаң жазаланды.
“Күнделікті R&J (Төрешілер мен қазылар) бағалау жиынында осы жекпе жекті қайта қарағаннан кейін келесі шаралар қабылданды. №175 жекпе жек. Хуго Грау (FRA) - Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (KAZ) 24 сәуір R&J барлық 8 сарапшысы жекпе жекті қайта қарап шықты. Сарапшылардың көпшілігі 2 және 3 раундтарды Қазақстан пайдасына 9-10 «айқын басымдық» деп таныды. Бұл дегеніміз, сарапшылардың пікірінше, бұл екі раунд үшін жалғыз қолайлы ұпай - 9-10. Осы тексерістің нәтижесінде, жеңісті Франция боксшысына берген 3 төрешіге өз жұмыстары үшін санкция (жаза) қолданылды. Сонымен қатар, осы 3 төрешінің екеуі жарыстан шеттетілді және осы турнир аясында төрелік ету құқығынан айырылды”, - деген шешім шыққан.
Шешім нәтижесі бойынша төрешілер жазаланғанмен, жекпе-жек нәтижесі өзгеріссіз қалды.
Жарнама