52 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда Бибосынов төрешілер шешімімен колумбиялық Юберхен Мартинесті жеңді. Қазақстандықтың қарсыласы - рейтингте үшінші, 2016 жылғы Олимпиаданың күміс және 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Әлем чемпионатында Бибосынов жарыс жолын 14 қыркүйекте бастап, моңғолиялық Энхмандах Хархууды жеңген еді.