Бокс
2 қазан 2022 12:28

Қазақ боксшының WBA титулы үшін айқасы нокаутпен бітті

©instagram.com/bekman_soilybaev/

Қазақстандық Бекман Сойлыбаев (15-1, 6 КО) Люблинде (Польша) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бекман бұл кеште ОАР боксшысы Сифосет Мвуламен жұдырықтасты, ал жекпе-жекте екінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental титулы сарапқа салынды. Айқас 12 раундқа есептелген болатын, алайда 7-раундта Сойлыбаев нокаутпен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Мвула бұрын жеңіл салмақта IBF Continental Africa белбеуінің иегері болған.

Сонымен қоса, бұл бокс кешінде әуесқойлар арасында әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (5-0, 2 КО) грузиялық Яго Кизирияны, ал Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) титулды кездесуде аргентиналық Марсело Эстебан Косересті жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport