Бокс
8 қараша 2019 12:48

Қазақ боксшының титулды жекпе-жегіне қарсыласы төртінші рет ауысты

Боксшының мұрағатынан
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақ боксшы Мадияр Әшкеевтің (13-0, 6 КО) 9 қарашадағы жекпе-жегіне қарсыласы төртінші рет ауысты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақ боксшы АҚШ-тың Гавайан Гарденс қаласында осы демалыста өтетін бокс кешінде жұдырықтасады, Қазақстан уақытымен бұл шоу 10 қараша таңғысын басталады. Бұл кездесуде WBC тұжырымы бойынша АҚШ чемпионы (USNBC) титулы сарапқа салынады. 

Бастапқыда қазақстандық 33 жастағы жергілікті боксшы Клеотис Пендарвиспен (21-5-2, 9 КО) жұдырықтасу керек еді. Кейін Әшкеев мексикалық Фернандо Кастанедамен жекпе-жек өткізеді деген ақпарат жарияланды. Одан соң қазақ боксшы 38 жастағы америкалық Уолтер Райтпен (17-8, 8 КО) рингте он раунд өткізу керек болған. 

Ал енді BoxRec мәліметінше, Әшкеев 37 жастағы аргентиналық Родольфо Эзикель Мартинеспен (43-8-3, 16 КО) қолғап түйістіреді, жекпе-жек форматы сегіз раунд.