Қазақ боксшының ширек финалда жеңілуі төрешілер қателігінен болғаны айтылды

©ҚБФ

The Fight Site сарапшысы Тэйлор О’Хиггинс әлем чемпионатында Асыланбек Шымбергенов украиналық Юрий Захареевпен айқаста екі раундта басым болды деген пікірде, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кездесуде төрешілер бөлек шешім шығарды - 3:2. Осылайша, 71 келіде ары қарайғы кезеңге укариналық өтті.

"Захареев - Шымбергенов жекпе-жегін жаңа ғана көріп шықтым. Қазақ боксшының жолы болмаған сияқты. Негізі ол бірінші раундта жеңді, екіншісінде де басым болды деп ойлаймын, ал Захареев үшіншісін алды. 

Екі раунд бойы украиналыққа джебтерін дәл тигізіп отырды. Былай теңдей айқас болды деуге келер еді, дегенмен, төрешілер қателесті", - деп жазыпты ол "твиттерде".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар