Қазақ боксшының өзбекстандық Олимпиада чемпионымен айқасына трансляция

28 қыркүйек 2023 10:01
©olympic.kz

Бүгін, 28 қыркүйекте Ханчжоудғы (ҚХР) Азия ойындарында бокс жекпе-жегі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Рингте Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары кездеседі. 

50 келі салмақта ширек финалға жолдама үшін Сәкен Бибосынов пен өзбекстандық Хасанбой Дусматов жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек Астана уақытымен 18:30-да өтеді. 

Бұл айқасты Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында да қолжетімді.

Qazsport арнасының сайтындағы тікелей трансляцияға сілтеме

Дусматов 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, сонымен қоса, Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы (2015, 2017, 2022).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар