Қазақстандық Сәкен Бибосынов Азия чемпионатының 1/2 финалына жете алмады.
51 келідегі ширек финалдық айқаста оның қарсыласы өзбекстандық Асилбек Жалилов болды.Бұл кездесуде төрешілер үш раунд қорытындысы бойынша жеңісті бөлек шешіммен өзбекстандық боксшыға берді.
Осылай, Сәкен осыған дейін жарыстан шығып қалған Бейбарыс Жексен (60 кг), бұрымдылардан Алуа Балқыбекова (50 кг) және Сымбат Әлисақар (54 кг) сияқты жарыс жолын аяқтады.