Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы (U-19 және U-22) Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Әділбек Қожахан күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қожахан 19 жасқа дейінгі санатта бақ сынады. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте ол Қытай Тайбэйінен келген Пэн Цзя-Фэнге ұпай санымен есе жіберді.