Қазақстандық боксшы Даниял Сәбит Болгарияда өтіп жатқан Странджа кубогінің финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
51 келідегі жарытлай финалда Даниял әзірбайжандық Ниджат Гусейновпен жұдырықтасты. Бірінші раундта қазақстандық боксшы 4:1 есебімен басым түсті.
Ары қарай қарсыласын есеңгіретіп тастадыАл екіншісінде Даниял қарсыласын есеңгіретіп тастады, осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты да, қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Енді алтын үшін айқаста қазақстандық боксшы Асильбек Джалилов (Өзбекстан) - Самет Гюмуш (Түрия) жекпе-жегінің жеңімпразымен рингке шығады.