Қазақстан құрамасының боксшысы Серік Теміржанов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатында тәжікстандық Акмал Убайдовқа қарсы ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Олардың кездесуі 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті. Бірінші үш минуттық кезең Убайдовтың пайдасына 5:0 есебімен аяқталды. Екінші раундта тәжік боксшысы жойқын соққымен Теміржановты нокдаунға түсірді, алайда Серік жекпе-жекті жалғастырды.
Үшінші кезеңде қазақстандық боксшыны тек нокаут қана жеңіске жеткізе алатын еді, бірақ, ол қарсыласын мерзімінен бұрын тоқтата алмай, жеңісті уысынан шығарып алды.
Осылайша, Теміржанов турнирдегі жарыс жолын аяқтады, ал Убайдов жартылай финалға өтіп, кепілді түрде жарыстың қола жүлдесіне жетіп отыр.
Бұған дейін ширек финалда Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов жеңіске жеткен болатын.
Убайдов 2021 жылдан бері кәсіпқойда жұдырықатсады және 2024 жылғы Азия чеипионатының жеңімпазы екенін айта кетейік.
Жарнама